Костанайский социально-технический университет
logo

ПР. КОБЫЛАНДЫ БАТЫРА, 27
8 (7142) 55-42-64
8 (777) 441-45-68
pkkstu@mail.ru

подать заявку на обучение
Инстаграм whatsapp


Биография Зулхарная Алдамжар

Задать вопрос ректору

Platonus 5.1

infobanner

Национальный центр тестирования

Набор в Школу государственной службы

С дипломом в село

Конкурс инновационных проектов «Болашаққа Ұмтылу»

«Ұлытау - жаңа тұжырымдар мен ұстанымдар»

/«Ұлытау - жаңа тұжырымдар мен ұстанымдар»

2019 жылдың 15 наурыз күні Алматы қаласы, Тұран университетінде «Ұлытау - жаңа тұжырымдар мен ұстанымдар» атты ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті. Аталмыш конференцияға университетімізден ғылыми кафедра аға оқытушысы Абдуллина Дамеш Загановна және 3 курс «Педагогика және психология» мамандығы студенттері Казбекова Айдана және Тұрсынбекова Несібелі қатысты. 

Конференция барысында «Ұлытау алтын мұрасы» қоғамдық қоры, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығының Президенті Алшанов Рахман Алшанұлы кіріспе сөз сөйледі. Алқалы жиында баяндама оқыған беделді ғалымдар тарихи орындарды қалыпқа келтіру туралы ұсыныстарын айтты. Тарих ғылымдарының кандидаты Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің меңгерушісі Шамшиденова Факия Межведенқызы «Ұлытау-қазақ хандық билік институтының ордасы» тақырыбында сөз қозғады. Рhd докторы,философия ,саясаттану және дінтану университетінің аға ғылыми қызметкері, жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Айтымбетов Нұркен Ысқақұлы «Ұлы даланың жеті қыры ұлттық болмысымызды айшықтайтын белгілер» атты баяндама оқыды. Ұлытау жайлы баяндамалар қызу талқыға түсіп, конференция аяғы дискуссиямен және ұсыныстармен аяқталды. 

Тарих ғылымдарының кандидаты Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің меңгерушісі Шамшиденова Факия Межведенқызымен фотоға түсу.