Костанайский социально-технический университет
logo

ПР. КОБЫЛАНДЫ БАТЫРА, 27
8 (7142) 55-42-64
8 (777) 441-45-68
pkkstu@mail.ru

подать заявку на обучение
Инстаграм whatsapp


Биография Зулхарная Алдамжар

Задать вопрос ректору

Platonus 5.1

infobanner

Национальный центр тестирования

Набор в Школу государственной службы

С дипломом в село

Конкурс инновационных проектов «Болашаққа Ұмтылу»

Алдамжар оқулары — 2013

/Алдамжар оқулары — 2013
Биылғы конференцияның маңызы айрықша

4-5 желтоқсан аралығында Академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті Халықаралық «Алдамжар оқулары-2013» ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, билік өкілдері, ұстаздар мен студенттер, алыстан-жақыннан келген меймандардың басын қосқан еларалық ғылыми жиынның ұйымдастырылуы жыл сайынғы дәстүрге айналды.

Бұл жолғы конференция көрнекті ғалым, тарих ғылымының докторы, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қостанай қаласының құрметті азаматы Зұлқарнай Алдамжардың есімін тағы бір мәрте асқақтатқан болса, атаулы басқосу ғалымның өзі негізін қалаған Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің 15 жылдығымен орайластырылып отыр.



Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің студенттер мәдениет сарайында басталған «Алдамжар оқулары-2013» ғылыми-тәжірибелік конференциясына өңірімізбен қатар, еліміздің Атырау, Қарағанды, Астана, Павлодар қалалары және Ресейдің Мәскеу, Екатеринбург, Омбы, Челябі жоғары оқу орындарының басшылары мен профессорлары жиналды. Сөз алғандар алдымен біртуар ғалымның еліміздің ғылымына қосқан өлшеусіз үлесін, мыңдаған студенттің білім алуына жасаған еңбегін, шет елдердің ірі оқу орындарымен әріптестік байланысына қосқан іскерлігін, білім мен ғылымдағы инновацияны дамытуға атсалысқан қажырлығын, өңірдің қоғамдық өміріндегі алатын орны мен көреген басшы болғанын атамай кетпеді. Сонымен қатар, конференция барысында Қазақстан мен Ресейдің ғылымдағы даму перспективалары, ортақ мәселелері де сөз болды.

Қазақта «шәкіртсіз ұстаз – тұл» дейді, ал Зұлқарнай Алдамжарұлы шәкіртке кенде емес. Соңында ізін басар ғылым докторлары мен кандидаттар бар. Академиктің замандас досы, Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Ж.Бақи З.Алдамжарды білікті ғалым, сұңғыла басшы ғана емес, тереңнен ойлайтын азамат екенін баса айтты. Жиналған студенттерге қайраткердің абыройлы жолын берсін деген тілегін білдірді.  



Жиын марапатсыз болған жоқ. Өңіріміздің білімі мен ғылымы, қоғамдық өміріне елеулі үлес қосып келе жатқан ұстаз-ғалымдардарға Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының, «Нұр Отан» партиясының, облыстық білім басқармасының, Қостанай облысы мен қалалық мәслихаттарының, қалалық білім бөлімінің, З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің алғыс хаттары тапсырылды. Сондай-ақ, ғылым мен халықаралық әріптестікте жеткен жетістіктері үшін аталған университеттің басшылары, профессорлары Челябі мемлекеттік педагогикалық университетінің медальдарымен марапатталды.

Конференция әлеуметтік-гуманитарлық, педагогикалық және жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша секцияларға бөлініп, еліміз бен Ресей ғалымдарының баяндамалары оқылды.     

 

 Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ